Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да жоғары шенді тұлға қамауға алынды

Тәртіп ведомство қызметкерлері заңсыз ойын бизнесімен айналысқан қылмыстық топқа қатысы бар күдіктілері қатарына жатқызылып отыр

Ішкі істер қызметкерлері кеше арнайы операция өткізіп, екі лауазымды тұлғаны ұстаған: оның бірі – Зырян аудандық ішкі істер бөлімінің экс-басшысы болса, екіншісі – Өскемен қаласы прокуратурасының бұрынғы аға прокуроры.

Лауазымды тұлға иелері қазіргі уақытта қызметтерінен босаған. Тергеу нәтижелеріне қарасақ, лауызымды тұлғалар Шығыс Қазақстан аймағында заңсыз ойын бизнесімен айналысатын қылмыстық топтың мүшелері болуы мүмкін. Әзірше, қызметкерлердің ұйымдасқан қылмыстық топтан ақша алып тұрғаны белгілі болды.

- Күдіктілер ай сайын 150 мың мен 800 мың аралығында сыйақы алып тұрған, - дейді облыстық прокурор орынбасарының міндетін атқарушы Болатқан Нұрышкенов. - Төлем жасалғаны жөніндегі бухгалтерлік құжаттар табылды. Тексеріс бұл ақшалай сыйақылардың пара ретінде емес, қылмыстық топтың ішінде қандай да бір жұмысты атқарғаны үшін берілген ақша екендігі дәлелденді. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторында.

Қылмыстық топтың серкесі Ресей азаматы болып отыр. Ұйымдасқан топты құрықтау 2016 жылдың аяғынан басталған. Қазіргі уақытта операция өзінің соңына таяп қалған. Әлі де тұтқынға алу, қамау процестері жалғаса бермек.

Ойын бизнесінің айналымы жайындағы ақпараттар әлі құпияда сақталып отыр. Дегенмен, кіріс негізінен Ресейге жіберіліп отырған. 

Следующая →