РФ ҚҚФ Петербург метросындағы теракттің тапсырысшысын анықтады
Арнайы қызметтер Петербургтегі метродағы теракттің ұйымдастырушыларын анықтады. Бұл туралы ҚҚФ директоры Александр Бортников хабарлады
ҚҚФ директоры Александр Бортников арнайы қызметтер метродағы теракттің тапсырыс берушісін анықтады деп хабарлады.
Естеріңізге сала кетсек, терактіні қырғыз елінің тумасы 22 жасар Акбаржон Джалилов жасады. Тергеушілердің нұсқасы бойынша, ол «Площадь Восстания» станциясына бомба орнатты. Ал кейін өзі «Сенная площадь» және «Технологический институт» станцияларының ортасында жарылады. Жарылыс кезінде 15 адам қаза тауып, 50-ден аса адам зардап шекті.
Осыған дейін тәртіп сақшыларын Аброр Азимовті құрықтайды. Ол террорист-өлімшіні дайындады деп күдіктелуде. Сондай-ақ, сақшылар террактке қатысы болуы мүмкін деген күдікпен Азимовтың бауырын ұстамақшы. Жалпы террактке қатысы бар деген 10 адам тұтқындалды