Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Атырау облысында мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыскерлер құрықталды

Трансұлттық қылмыстық топ 14 адамнан тұрған. Олардың ішінде Қазақстан және Ресей азаматтары бар

Қазақстанның Атырау облысындағы каспий түбегінде ұзақ уақыттан бері мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді, - деп хабарлайды облыстық прокуратура баспасөз-қызметі.

 Мекеме ұсынған ақпараттар бойынша, Қазақстан және Ресей азаматтарынан тұратын топтан 14 адам ұсталған.

Ұстау жұмысы прокуратура органдарының көрсетуімен ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен ұсталды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 14 және 15 сәуір аралығында өткен жедел іздестіру шаралары барысында жалған құжаттармен мемлекеттік шекарадан 100 тонна ұрланған мұнай өткізбек болған алты жүк көлігі ұсталған.

Аталмыш фактілер бойынша облыстық ҰҚКД-мен Республиканың Қылмыстық кодексінің 118 (ұрлық), 196 (қылмыстық жолмен мүлікке ие болу, өткізу), 197 (мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау, ұйымдастыру, иемдену, сонымен қатар мұнайдың шығарылу заңдылығын растайтын құжатсыз өндіру), 264 (трансұлттық ұйымдасқан, қылмыстық топ құру, басқару, және оған қатысу) баптары бойынша соталды тергеу жұмыстары басталды.
Следующая →