Өскемен
облачно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +8°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +15°
  • Павлодар
    +5°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +8°
  • Шымкент
    +15°
$
479.23
+0.69
534.96
+1.20
¥
68.35
+0.10
5.16
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде көлік ұрлаушылар құрықталды

Облыстық полиция орталығы бір түнде үш көлікті ұрламақ болған күдіктілерді ұстаған

Ұсталғанған екі күдікті ешқандай жерде жұмыс істемейді. 21 жасар және 23 жасар екі тұрғын араққа тойып алып, кейін көлік ұрлауға көңілдері ауған. Бұрында да сотталған үзеңгілес әрі бөтелкелес жолдастар Қазақстан көшесінде орналасқан үйлердің бірінде стақан қағыстырып отырып көлік ұрлау туралы ой қозғаған. Бөтелкелес достардың ойлары бұзық болғанымен, ешқандай әрекетке бармағанда мұндай жағдайға душар болмас та еді. Алайда «біраз қызық қуғысы келген» азаматтардың кішісі көлікпен қыдырып қайтуға ұсыныс тастаған, ал үлкені болса бұған бірден келіскен.

Көршілес көшелердің бірінен «ВАЗ-2101» көлігін жеңіл олжаға балап оның есігін ашуға әрекеттенген. Сағат әлі тоғыз жарым болса да «қылмыскерлердің» ешқайсысы бұған мән бермеген.

Қылмысткерлердің біреуі «қарауылда» тұрып, екіншісі көліктің есігін ашып дәл бір голливуд фильмдеріндегі тәрізді көлік сымдарын жалғай отырып оталдырмақ болған. Көлік оталмаған соң оны итерген. Бұдан да еш нәтиже шықпаған.

Кейін «криминал мүшелері» «оталуға бейімі басым» көліктерді іздестіре бастаған. Бір сағаттан соң Новаторов көшесінде Mazda маркалы көлікті оталдырғанымен онымен ұзаққа бара алмаған. Көлік бірден сөніп қалған.

Ал үшінші «жәбірленуші» көлік Қабанбай батыр көшесінде тұрған Волга автокөлігі болған. «Қуаныштың көкесі» енді басталды... «Батырларды» автокөліктің иесі ұстап алып полицияға апарған.

Өскемен қаласының №2 соты бұзақыларды 3 жылға бас бостандығынан айырған. Одан бөлек, олар автокөлік иелеріне барлық шығынды төлеуге тиіс.
Следующая →