28 жасар Атыраулық азамат сауда орталығына «мина қойған»
Жарылыс зат қойылғандығы жайында ақпарат түскен соң Атырау қаласындағы супермаркеттердің бірінен 50-ге жуық адам эвакуацияланған
Полицияның деректері бойынша, дүйсенбі күні кешке ТЖ департаментінің кезекші бөліміне Құнанбай көшесінде орналасқан супермаркет ғимаратында жаралыс зат орналасқандағы жөнінде ақпарат түскен.
Аталмыш мекенжайға құқық қорғау органдары мен төтенше жағдайлар және коммуналды қызмет қызметкерлері бірден келген. 50-ге жуық адам эвакуацияланған. Олардың ішінде супермаркет қызметкерлерімен қатар ғимарат тұрғындары да бар. Алайда супермаркет ішін тексеру барысында ешқандай жарылыс құрылғысы табылмаған.
Жедел іздесту шаралары жүргізілгеннен кейін аталмыш ғимараттың шатырында мас күдікті табылған. Қалтасынан кезекші бөлімге хабарласқан телефон нөмірі анықталған.
Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық Кодексінің «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Следующая →
Тақырыптар:
Лжетерроризм в Казахстане Телефонный терроризм в Казахстане Работа правоохранительных органов в Казахстане