Ростов-на-Донуда жарылыс ұйымдастырған қылмыскер ұсталды
Болған оқиғаға төтенше жағдайға дейін орын алған жеке тұрмыстық жағымсыз қарым-қатынастардың негізінде болған жанжал себеп болған
Ростов-на-Дону полиция қызметкері бейсенбі күні мектептердің бірінің жанында жарылы ұйымдастырған азаматты тұтқындады.
Ұлттық лаңкестікке қарсы агенттіктің ақпараттарына сүйенсек, болған оқиғаға төтенше жағдайға дейін орын алған жеке тұрмыстық жағымсыз қарым-қатынастардың негізінде болған жанжал себеп болған
Құқық қорғаушылардың ақпараттары бойынша, жарылғыш затты дайындап, зардап шегушінің жолына тастаған оның жақын танысы болып шыққан. Қаскөй жарылғыш затты шам кейпінде әзірлеген.
Төтенше жағдай 6 сәуір күні Социалистическая көшесі бойында орын алған. Мектеп күзетшісі жерде жатқан шамды көтеріп, жағып көргенде ол жарылып кеткен. Азаматтың бір қолының буыны мен екінші қолының үш саусағын жұлып кеткен. Сонымен қатар, кеуде қуысы мен құрсақ қуысы зақымданған.
Следующая →