Петербургтегі метроның өлімшісі анықталды
Соңғы деректер бойынша террорист расымен Орта Азияның азаматы және ол сириялық содырлармен байланысты болған
Петербургтың құқыққорғау органдары жарылысқа себепкер болған азаматтың кім екенін анықтады, деп хабарлады. Ол Орта Азияның тумасы және сириялық содырлармен байланысты болған.
- Денесіндегі жарақаттарға қарай отырып, өлімшінің әрекеті екенін көруге болады. Жарылғыш зат оның не денесіне тағылған, не арқасындағы сөмкеде болды немесе ол оны қолында бірақ ішінің тұсында ұстады. Себебі оған жақын орналасқан адамдардың жарақаттары іштің аумағында болып отыр, - деді агенттікке ақпарат көзі.
Болжамдар бойынша террорист есікке жақын және вагонның ортасында тұрды. Мамандар қолында тоқтары бар бөлікті тауып, сараптамаға жіберді.