Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Петропавлда өскемендік алаяқ ұсталды

Бұрын істі болған 22 жасар қаскөй Петропавл қаласының такси жүргізушілерінің аңғалдығын пайдаланып қалған

СҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, Солтүстік Қазақстанның тәртіп сақшылары өскемендік алаяқты тұтқындаған. Оған дейін екі күн бұрын Петропавл қаласындағы ішкі істер бөліміне шағымданған екі такси жүргізушісінің де оқиғасы ұқсас болып шыққан. Яғни, олар алаяқтың құрбаны болғандықтарын алға тартқан.

Құқық қорғау органдларының қызметкерлері анықтағандай алаяқ такси шақыртып, оператордан тікелей көлік жүргізушісімен байланыстыруын сұраған. Жүргізушіге жолай дүкенге соғып, азық-түлік (ішімдік, шырын және тағы басқалары) алып, жақын маңдағы терминалдан Qiwi әмиянға такси жүргізушісінде бар соманы салуын сұраған. Алаяқ жүргізушіге оның барлығын келген соң төлейтіндігін айтқан. Алайда есебіне ақша түскен соң ұялы телефонын сөндіріп, жоғалып кеткен. Дегенмен, полиция қызметкерлері бірнеше іздестіру шараларын жүргізіп, Өскеменде тұратын қаскөйдің мекенжайын анықтап, тұтқындады.

Абырой болғанда алаяқ тек екі жүргізушіні сан соқтырды. Біріншісі тоғыз мың теңгеге шығынданса, екіншісі он үш мың теңгесін желге ұшырған.

Следующая →