ШҚО-да жалған кәсіпкерлік үшін қаржы полициясының капитаны сотталды
Семейдің 39 жасар тұрғыны мемлекеттік органдардан жұмыстан шығып, іскерлерімен бірнеше ЖШС ашқан. Осылайша олар біршама ақша айналдырып, салықтан қашып отырған
Семей Қаржы полициясының капитаны жалған фирмалар желісін ашып, тұтынушыларына салықтан құтылу және қолма-қол ақша ету жолдарын көрсеткен.
Заңсыз ақша табу кестесі шығарушыларын бес жыл бойы байытып, ақыры қаржы полициясындағы бұрынғы әріптестері ізіне түскен. Заңсыз әрекеттің мемлекетке тигізген нұқсаны 290 миллион теңгені құраған.
Айыптаушы жақ хабарлағандай, ер азамат қаржы полициясында тоғыз жыл қызмет етіп, бухгалтерлік қызметтің қыр сырын меңгеріп үлгерген. Бәлкім еңбек өтіллі мен экономикалық қылмыс әлеміндегі байланыстары «тайғақ жолға» итермелеген шығар.
Семей қалалық №2 соты жалған кәсіпкерлік ісін қарап, екі алаяққа қатысты жаза тағайындады - әрқайсысы алты жыл сегіз ай жалпы колонияда жазасын өтеп, мүлкі тәркіленіп, он жыл кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салында. Сонымен қатар бұрынғы «заңды қызметкер» «қаржы полициясының капитаны» дәрежесінен айрылды.
Следующая →