ШҚО-да ер адам үш тонна дөңмаңдаймен ұсталды
Өскемен қаласының тұрғыны салмағы 3178 келі өзен балығын өткізбекші болған
Заң бұзушыны облыстың аймақтық жануарлар әлемі және орман шаруашылығы инспекциясы мен полиция қызметкерлері анықтаған.
Үш тоннадан астам балықтыешқандай рұқсат құжатсыз алып шықпақ болған өскемендік азамат полиция қызметінің рейді барысында ұсталған. Осылайша, тәртіп сақшылары оған 10 АЕК көлемінде айыппұл салып, заңсыз жүк тәркіленді.
Айта кеткен жөн, жыл басынан бері облыстың аймақтық жануарлар әлемі және орман шаруашылығы инспекциясы осындай қылмысқа қатысты 40 әкімшілік хаттама толтырған.
Следующая →