Оңтүстік Қазақстанда букмекерлер төбелес шығарды
ОҚО полициясы букмекерлік кеңсеге ақша таситын көлікке қарулы шабуыл жасапты-мыс істі ашқан – қылмыс ұйымдастырылған болып шықты
ОҚО ІІД баспасөз-қызметінің ақпаратынша, полицияға Шымкент-Самар тасжолымен Алматыға ақша тасу барысында белгісіз біреулер шабуыл жасады деп букмекер кеңсесінің қызметкерлері арызданған. Қаскүнемдер беттерін тұмшалап алып, қарумен қорқытып, 6 млн теңгелерін тартып алыпты-мыс.
Полиция «Қарақшылық» бабы бойынша тергеу амалдарын бастаған. Кейін анықталғандай екі арызданушы жасалған қылмыс туралы жалған ақпарат таратқандары анықталған.
Қылмысқа үшінші қатысушымен бірге күдіктілерді ұстап, ақша табу мақсатында қарақшылық шабуылды ұйымдастырғандарын полиция бөлімінде мойындаған.
Аталмыш факті бойынша «Сеніп тапсырылған бөтен адамның мүлкін иемдену және жұмсау», «Заңсыз жолмен жарылғыш құралдар, заттар, оқ дәрілер, қару ұстау немесе тасымалдау, сақтау, беріп жіберу, алу» және «Жалған ақпарат беру» баптары бойынша сот алды тергеу жұмыстары басталды.
Следующая →