Өскеменде ұялы телефон ұрлығының рекордты көрсеткіші орнады
Өткен жылы ұрылардан ер адамдар көбірек зардап шеккен болса, биыл сұғанақтар нәзік жандылардың телефондарын көбірек ұрлапты
Биылғы қаңтарда өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда ұялы байланыс құралын ұрлау фактілері артқаны байқалады.
ШҚО прокуратурасы осындай пікірге келіп отыр. Өйткені өткен жылдың алғашқы айында Өскемен қаласында осындай 78 оқиға орын алса, биыл 84-ке дейін жеткен. Ал осы құрбандардың көпшілігі әйел заты екендігі тіптен таңқалдырады.