АҚШ-тың жағажай күзеті Оңтүстік Америка жағажайынан ірі көлемдегі кокаин анықтады
Атлантикалық мұхиттың халықаралық суында ірі көлемдегі кокаин анықталды. Жүк Оңтүстік Америка жағажайында тәркіленді
Бұл 1999 жылдан бері ұсталған алғашқы ірі көлемдегі есірткі. Оның жалпы көлемі 4,2 тонна. Тәркіленген тауардың жалпы құны 125 млн доллар.
Арнайы операция америкалық жағажай күзеті, Тринидада және Тобаго қызметкерлерімен жүргізілді. Есірткі балық кемесінде болған. Экипаж мүшелері Гавайа тұрғындары ұсталып, Виргин аралдарына жеткізілді.
Кокаин АҚШ есірткімен күрес басқармасына жолданды. Осыған дейін Австралия құқық қорғау органдары да ірі көлемдегі есірткіні тәркілеген.