Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Оқ атудың себебі неде?

Жарма ауданы Қалбатау кентінің тұрғыны таксисті заңсыз алынған қарумен атып кетті

Оқиға Қалбатау кентінде 19 қаңтардың кешінде орын алады. 1982 жылғы азамат көлік жүргізушісіне оқ атып, жарақаттайды.

Соңғы ақпараттар бойыша, оқиға Қалбатау кентіндегі таксилердің тұрағында орын алған екен. Кешке таман ішімдікке масайраған 35 жасар ер адам таксистердің біріне жақындап, оны белгілі бір жерге апарып тастауын сұраған. Алайда жолаушының мас екенін көрген жүргізуші оның ұсынысынан бас тартады. Сол кезде 35 жасар азамат қолына қаруын алып, ер адамға оқ атады.

- Жарақат алған ер адам 1972 жылғы. Ол жергілікті ауруханаға жеткізіліп, сол жерде көз жұмды. Оқ атқан азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабына сәйкес қасақана адам өлтіру және осы кодекстің 287-бабы бойынша, яғни, отты қаруды заңсыз сақтағаны үшін айыпталуда. Қазіргі уақытта соталды тергеу алды амалдары жүргізілуде. Күдіктінің өзі 2 айға уақытша қамау изоляторына тұтқынға алынды, - деді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев.

Жарма ауданындағы біздің дереккөздердің ақпараты бойынша, ауруханада орналасқан бақылау камералары арқылы жарақаттанған адамды оқ жаудырған күдікті қылмыскердің өз жеткізген.

Айта кету керек, оқ атқан 1982 жылғы азаматтың жүкті әйелі және бір баласы бар, ал қаза тапқан ер адам отбасы құрмаған екен.

Следующая →