Ақтөбеде немересі әжесін тонап кеткен
Немересі сотқа берген түсініктемесінде әжесінің тіс емдетуге аз ақша бергенін айтқан
Сотталушы жергідікті кәсіпорында краншы болып қызмет етіп, айлығы жүз мыңның көлемінде болған. Өзінің сегіз жасар ұлымен туыстарыныкінде тұрып жатқан.
Тіс дәрігенріне қаралуға 400 мың теңге керек болған Алмас Құрманғалиев көмек сұрап әжесіне барған. 82 жасар зейнеткер немересіне 110 мың теңге берген. Алайда қайырымсыз немересі қанағаттанбай, түнде бетін бүркеп алып, әжесінің үйіне ұрлыққа түскен. Оянып кеткен әжесін скотчпен байлап, ақшаның қайда жасырылғанын анықтап алған. Осылайша 140 мың теңгені тауып алған немересі әжесін босатқан.