Грецияда белгісіз біреу спецназ автобусын атқылаған
Афина орталығында ПАСОК партиясының штаб-пәтерін күзетіп жүрген спецназ қызметкерлеріне қарулы шабуыл жасалған
Оқиға нәтижесінде құқыққорғаушылардың бірі жеңіл жарақат алған деп хабарлайды жергілікті БАҚ өкілдері. Ақпарат көзінің айтуынша полиция қызметкерлеріне шабуыл таңертең, Трикуписа көшесінде орын алған. Хабарланғандай, қаскүнем Калашников автоматымен жақын қашықтықтан спецназ автобусын үш рет атқан. Екі оқ автобустың беткі шынысына тисе, біреуі қабырғаға тиген. Тәртіп сақшыларының бірі ішінен және жамбасына тиген. Ол ауруханаға жеткізілді. Оқиғадан соң атыс шығарған адам Экзархияға сіңіп жоқ болған. Афинаның бұл өңірі көптеген анархистік ұйымдардың шоғырлануымен танымал.
Естеріңізге саламыз өткен аптада грек полициясы бұрыннан бері іздестіріліп жүрген терроршы Пола Рупаны ұстаған. Оның тұрғылықты мекені жайлы ақпаратқа бір миллион еуро марапат тағылған. Әйелдің ұсталу наразы анархистердің көптеген акциясына алып келген болатын.