Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Пара алған мемлекеттік кіріс комитетінің қызметкері ұсталды

Мемлекеттік кіріс комитетінің қызметкері мен ұлы Қапшағайдағы казино иелерінен пара алғаны үшін ұсталды

Алматы облысы бойынша жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро департаменті Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің өндірістік емес төлемдер басқармасының бас сарапшысы Жұмабаевты қамауға алды.

Заңсыз жұмыс жасаған және салық комитетінің тексерісінен өтпеген Қапшағай аумағындағы казино басшыларынан Жұмабаев жүйелі түрде пара алып отырған.

Осы орайда, ол өзінің ұлы Ұданов Д. арқылы Қапшағай қаласындағы «Інжу–КZ–казино «ХО» басшысынан 5000 АҚШ доллары көлемінде кезекті парасын алып жатқан жерінен жемқорлыққа қарсы қызмет мемкіріс комитетінің бас сарапшысын ұстаған.

Қазіргі уақытта Жұмабаев пен Ұданов Қылмыстық кодекстің 128-бабына сәйкес Іле аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Аталмыш факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Следующая →