Ауыл оқытушысы терроризмді насихаттағаны үшін сотталды
Ақмола облысының ауылындағы 33 жасар оқытушы өзінің Twitter-дегі парақшасына кәпірлермен және қарулы жихадпен күрес жолдары жайлы мақалалар жариялап келген
Тергеу анықтағандай Сандықтау ауданының Б. Есімді азаматы дінаралық кикілжің тудыратын, терроризмді насихаттайтын, Сириядағы соғысқа шақыратын материалдар жариялап отырған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайты.
Азамат бес жылға бас бостандығынан айырылды.
Тақырыптар:
Пропаганда терроризма Правоохранительные органы Казахстана Запрещенные в Казахстане течения ислама