Защита аумағын «бомба» үшін қоршауға алды
Өскемен қаласында темір жол вокзалы аумағын полиция қызметкерлері қоршауға алып, қауіпсіздік шараларын ұйымдастырды
Теміржол вокзалы аумағында көліктердің қозғалысын анонимді қоңырау себептерінен тоқтатып тастады, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Белгісіз біреулер Защита вокзалында жарылғыш заттың қойылғанын хабарлады. Полиция қызметі саперлерді шақырып, қауіпсіздік шараларын қолға алды. Вокзал аумағы тексеріліп, ешқандай жарылғыш заттың табылмағанын белгілі болды.
Қазіргі уақытта көлік қозғалысы қайта қалпына келтірілді.
- Мамандар жарылғыш заттың қойылғандығы туралы жалған ақпарат таратып қоңырау шалушыны іздестіруде. Ол қылмыстық жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев.
Құқыққорғау органдарының мамандары тұрғындарды сабырлық сақтауға шақырады. Өйткені ақпарат жалған болып шықты.