Өмірге ұл әкелуді армандаған қытайлық әйел төрт қызын пышақтап тастаған
Өмәрге ұл әкелуді армандаған қытайлық Гуандун провинциясының тұрғыны, қатты күйзелістен өзінің төрт бүлдіршін қызын пышақтап, бір қызын жарақаттаған
Оқиға Чжанцзян қалалық округіндегі ауылдардың бірінде болған. Жергілікті телерадиостанциясының хабарлауынша, 31 жасар Чжоу текті әйел қарашада бесінші қызын тапқан, деп жазады South China Morning Post газеті.
Чжоу мен оның күйеуі ұлдары болғанын армандаған екен, алаайды қыз туады. Бесінші қызын тапқан әйел қатты күйзеліске ұшырайды. Өткен жұмада асхана пышағын алып, қыздарына шабуыл жасаған. Олардың ең үлкені сегіз жасқа да толмаған. Зардап шеккен балалар ауруханаға жеткізілген, алайды олардың төртеуі алған жарақаттарынан көз жұмған.
Көршілері полиция шақырып, кісі өлтіргіш ана ұсталған. Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда.