Норвегияда мектептің жанындағы әйел мен баланы пышақтап кеткен
Норвег полициясы Кристиансанн қаласындағы мектептің ауласында тәрбиеші әйел мен баланы пышақтап кеткен қылмыскерді іздестіруде
Өткен арнайы баспасөз конференцияда жергілікті полиция басқармасының өкілі екі зардап шегушінің де алған жарақаттардан қайтыс болғанын айтқан.
Сонымен қатар, дүйсенбі күні кешке орын алған қылмыс куәгерлері де табылмаған.
Қаза тапқан әйелдің кім екені полициямен анықалған. Анықталғандай Норвегияның 40 жылдан бергі тұрғыны қылмыс орнына жақын маңдағы балабақшада тәрбиеші қызметін атқарып келген. Қылмыскермен өлтірілген оқушы баланың кім екені әлі күнге дейін белгісіз.