Есік қаласындағы зорлық оқиғасына қатысты сот үкімі шықты
Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық соты Жібек Мусинованы жабылып зорлағандарға қатысты шешімін шығарды
Алматы облысында тағы бір шулы сот процессі аяқталды. Есік қаласында топтасып қыз зорлаған төрт жігіт енді ұзақ уақыт бостандық көрмейтін болды, деп хабарлайды"КТК телеарнасының сайты".
Себебі сот барысында олардың Жібек Мусинованы жабылып зорлағандары толық дәлелденген екен. Сондықтан судья ешқайсысына аяушылық танытқан жоқ. Алды он жылдан арқалады. Алайда үкімге келіспегендер соңында айқайға басты.
Есік қаласындағы қыз зорлау оқиғасына қатысты іске бүгін соңғы нүкте қойылды. Қоғамдық дау тудырған қылмыстың ара-жігін ажыратып, қара қылды қақ жару судьяға да оңай болмаса керек. Себебі сот шешімі екі аптаға кешігіп шығарылды. Десе де бүгін төрт жігіттің ешқайсысына да аяушылық болған жоқ. Олар адам ұрлау және қыз зорлау баптарымен кінәлі деп танылып, 8-ден 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды.
Ерлан Баймолдинов, судья:
- Сот Алмас Еремковты тоғыз жыл алты айға, Ербол Ермековты 8-жылға, Асхат Бектұрсынды 10-жылға, Нұрбол Елтайды 9-жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Жазасын жалпы режимдегі колониясында өтесін.
Үкіммен сотталушылардың өздері де, туыстары да келіскен жоқ. Ұлдарының ұзақ мерзімге сотталғанына ашынған ата-ана айқайға басып, өшін тілшілерден алды. Жібек Мусинованы зорлағандардың жазасы осындай ауыр болады деп адвокаттар да ойламаса керек. Себебі сотта төртеуінің кінәсі толық дәлелденген жоқ дейді қорғаушылар. Сараптама да жәбірленушінің тек бір жігітпен жыныстық қатынаста болғанын көрсетіпті.
Қосанәлі Тұрмамбетов, сотталушы А.Бектұрсын мен Е.Ермековтың адвокаты:
-Мусинованың жыныс мүшесінен, артқы тік ішегінен алынған сүртінділерде, іш киімінен алынған биоқабаттарда ешқандай еркектің ДНК-сы анықталған жоқ. Әрине Бектұрсындікі анықталды. Бірақ сот отырысында оның кафеде жәбірленуші Мусиновамен жыныстық қатынаста өз еркілерімен болғаны анықталды. Қалған үшеуінің ДНК- лары көрсетпеді.
Ал жәбірленуші тарап төрт айға созылған даулы істе жеңіп шыққандарына қуанышты. Себебі Жібек Мусиноваға жасалған қорлық басқа жігіттерге сабақ болады - дейді адвокаты.
Айман Омарова, Жібек Мусинованың адвокаты:
- Бұлардың айтуы бойынша қазақтың қыздары өзінің зорланғанын, еркектердің істегенін айтпау керек. Біз қазақтың қызы болсақ, намысын ойлаған болса, қазақ жігіттері ешкімді зорламаған . Қазір қазақтың қызы аузын жабуы керек дейді. Қазақтың қызы мал емес. Соны айтқымыз келіп тұр.
Естеріңізге салсақ, Жібек Мусинованың зорланғанын анасы әлеуметтік желіде жайып салған. Ал қылмыстың өзі аудандық Ішкі істер бөлімінің алдында болыпты. Мұны білмей қалған шенді сақшылардың да жұмыстан қуылғанын айта кетейік.
Ал абыройым төгілді деп алты алашқа жар салған Жібек Мусинованың өзі соңғы сот отырысынан кейін ешқандай сұхбат беруге зауқы болған жоқ. Есесіне оның адвокаты бүгінгі шешім әділ болды дейді. Алайда топтасып қыз зорлағаны үшін темір торға тоғытылған төрт жігіттің өздері де туыстары да бүгінгі үкімнің тым қатал екенін айтады. Сондықтан жазаларын жеңілдету үшін алдағы уақытта апелляциялық алқаға шағым түсірмекші.
Следующая →