Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемендік зейнеткерге ұрылар сериалын аяқтатпаған

Үйлеріне мас күйінде қайтып келе жатқан екі ер азамат көңілдерін ары қарай көтеру үшін әжейдің плазмалық теледидарын алып кетпек болған

Қала орталығының тұрғыны өз үйінде бейбарақат теледидар көріп отырғанда, екі бейтаныс адам кіріп келген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Егде жастағы әйел шақырылмаған қонақтарды көре сала шошығаннан дала шығуға асыққанда шалынып, құлаған. Бір қаскүнем әлсіздігін пайдаланып, үстіне отырып алған. Сол сәтте оның әріптесі қабырғадағы «плазманы» шешіп жүрген. Мұндай бетсіздікке абыржыған зейнеткер полиция шақырған, бірақ қылмыскерлер іздерін суытып үлгерген.

Кейін анықталғандай, ұрылар зейнеткерді үйіне жақын маңайдағы облыс орталығының 38 жасар тұрғыны мен 22 жасар бауыры болып шыққан. Қылмыс себебі әдеттегідей – қаскүнемдер күні бойы араққа сылқия тойып жатқан, ішкендері аз болғандай, тағы да шөлмек керек болған. Олжалы теледидарды туысқандар екі жігітке 15 мыңға сатып, бейбіт түрде тойларын жалғастырған. Сол жерде полиция қызметкерлері оларды құрықтаған.

цСотта жолы болмаған ұрлықшылар бас бостандықтарын айырмауды сұраған, себебі өз қателіктерін түсініп, әжейге келтірген нұқсанды қайтарып берген. Осыған дейін сотталған ағасын Өскемен қалалық №2 соты мүлкін тәркілей отырып бес жылға бас бостандығынан айырған, ал бауырын үш жылға. Үкім әлі күшіне енген жоқ. 

 

Следующая →