ҚХР-да шенеунікті шегеатқышпен өлтірген ер адам өлім жазасына кесілді
Үйін заңсыз бұзған ауыл партком хатшысын шегеатқышпен өлтірген ер азаматтың өлім жазасы жүзеге асырылды
Цзя Цзинлун атты ер азамат 2015 жылдың қарашасында Хэбэй провинциясындағы Шицзячжуан қаласының сотымен өлім жазасына кесілген болатын. Ол өзі тұрған ауылдағы партия комитетінің хатшысын шегеатқышпен өлтірді деп айыпталған.
Цзя Цзинлун 2013 жылы үйленуге бел буып, тойға дейін жанұялық үйін жөндей бастаған. Кейіннен ауыл партия комитетінің хатшысы Хэ Цзяньхуа ер азаматтың үйін бұзуға бұйрық берген. Цзя Цзинлун үйінен кетуден бас тартқандықтан, кейін жанұясының мүшелерін сабап кеткен. Ақыр соңында ер жігіт үйін тастап кетеді, ал үйі шенеуніктің бұйрығымен бұзылады.
Бұдан кейін Цзя Цзинлунды қызы тастап кетеді. Хэ Цзяньхуадан кек аламын деп, оны өлтіруге шешім қабылдайды.
Синьхуа агенттігі хабарлағандай, сейсенбі күні таңартең өлім жазасы жүзеге асырылған. Қытай заңнамасы бойынша, жігітке жанұясымен қоштасуға рұқсат етілген.
Следующая →