Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде пластикалық терезе орнатушының кейпіндегі алаяқ сотталды

Бірнеше рет сотталған ер азамат ай ішінде өзінің құрбандарынан 900 мың теңгедей қаржы жинап үлгерген

Облыс орталығында 48 жастағы ер азамат бай болудың қысқа жолын тауып, «еуротерезелер» дайындау мен орнатудың жалған бизнесін ұйымдастырған. Газетке жарнама беріп, болашақ клиенттерін арзан бағамен, сапасына кепілдік бере қоңырауларын күтіп отырған. Халық әрине, жеңілдікті жақасы көреді, алаяқты бірден еңбек иіріміне алып кірген.Күн сайын – бір тапсырыс! Кеңестік заманнан қалған терезелерді металдыпластикалық сапаға кім айырбастағысы келмейді, адамдардың өздері келіп өлшеп кетулерін сұраған. «Бай» фирма бір адамның атынан клиенттерінің терезелерін өлшеуге жіберген. Театр өнерінің бар шеберлігі осы жерде жүзін көрсеткен: ер азамат сызғышын алып шығып күнделігіне есептерін жазып, терезелерді жасауға және орнатуға арналған нақты мерзімге ресми келісімшартын ұсынған. Фирма «жіберген» өлшеуші және келісімшартқа келуге өкілетті еткен еркекті алдап жүргеніне ешкім күмән танытпаған.

Маңызды фирма өкілінің қолында келісімшарттың болуы адамдарға тапсырыстың 70 пайызын алдын-ала төлеуге айтарлықтай негіз болған. Әрине, ешқандай арнайы құралы жоқ алаяқ мойнына жүктелген міндеттерді орындауды ойламаған да, алдын-ала төлемдерін бергеннен кейін, ол белгісіз жаққа ғайып болып кеткен. Нәтижесінде, мұндай әдіспен жиналған ақшаның құны 900 мыңға жеткен. Бұл дәлелденген фактілер «терезе ісі шеберінің» бір айда толық атқармаған «еңбек» өнімі.

Қаскүнем полиция қызметкеріне ұсталғанға дейін 12 адам құрбан болып үлгерген. Нәтижесінде Өскемен қаласының №2 Соты жергілікті тұрғынды ірі көлемдегі алаяқтыққа кінәлі деп тауып, 4 жыл 4 ай қатаң тәртіптегі колонияға бас бостандығынан айырды.

Қатаң жазаны шығара отырып, сот еркектің алаяқтығы үшін бірнеше рет жазаланғанын есепке алды және оның өз ісіне қорытынды жасай алмағынын айтты. Жалпы, түзу жолға түспеген.

Следующая →