Тағы екі шенеунік жемқорлықпен ұсталды
Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында пара алған басшылар ұсталды
Қостанай облысының жемқорлықпен күрес ұлттық бюро департаменті Қарабалық ауданының Архитектура және қала құрылысы бөлімінің басшысын тұтқындады.
Антикоррупция қызметінің хабарлауынша, Б. Сисенов жеке кәсіпкерден 300 000 теңге көлемінде пара алған.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Ал Солтүстікте Жаңаішім қаласы әкімінің орынбасары тұтқындалды.
Р. Жапаров тергеу нұсқасы бойынша, жеке кәсіпкерден «Жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша жасалған құрылыс жұмыстарының актісіне кедергісіз қол қою үшін 150 000 теңге көлемінде пара алған.