Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскменде есірткі қосылған сағыз сатылады деген қауесет тарап кетті

Мектептердің ауласында ішінде есірткі қосылған сағыз қорапшасына ұқсас зат балаларға тегін таратылып жатыр деген сыбыстар тарағалы біршама уақыт болды

Бұндай аудио және фотосуреті бар хабарлама ата-аналарға Whats App қосымшасы арқылы тарап жатыр. - Қайырлы күн, құрметті ата-аналар! Мен бүгін хабарлама жәбердім. Фотода сағыздікіне ұқсайтын қорап көрсетілген. Ішінде есірткі қосылған бұл заттар мектеп жанында таратылу үстінде. Аудиода бұл Татарстанда екені жазылса да, Қазақстанда да орын алғаны туралы деректер бар. Сондықтан да балаларыңызға осындай затты алмауларын ескертіңіздер, - делінген хабарламада. ШҚО құқық қорғау органдары болса, бұл мәліметтерді жоққа шығарды. Барлық аудио және фотосуреттер тексерілді. Анықталғандай бұл ескі ақпарат. Былтыр РФ аймағында таралған. Көрінеді. - Біз барлығын анықтап, білдік. Аталлған ақпараттың біздің облысымызға ешқандай қатысы жоқ, - дейді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері әлеуметтік желілер арқылы жалған ақпарат таратқандарға 5000 АЕК-ға дейін айыппұл салынып, түзету жұмыстары, 2 -5 жылға бас бостандығынан айыру немесе бас бостандығынан шектеу мүмкін екендігін де ескертеді.
Следующая →