Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
441.44
-1.91
473.09
-2.45
¥
60.96
-0.22
4.75
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

АҚШ полция қызметкері ойыншық тапаншамен жүрген баланы өлтірді

Тәртіп сақшысы ойыншық тапаншаны пневматикалық қаруға балап, қашып бара жатқан 13 жасар Тйри Кингті атып тастаған

Америкалық Огайо штатының астанасы Колумбус қаласында полиция қызметкері 13 жасар Тайри Кинг атты афроамерикандық жасөспірімді қолындағы лазерлі көздегіш құралы бар ойыншық тапаншасын пневматикалық қаруға балап жазмыш етті.

Құқыққорғаушылар үш жас кісі тоқтатып, ақша талап еткен және бірінің қолында тапаншасы болғанын айтқан жерглікті тұрғынның қоңырауына келген. Оқиға орнында тәртіп сақшылары күдіктілерді ұстап, оларды тергемек болған, бірақ олар қаша жөнеледі.

-                Полиция олардың артынан қуып кетті. Күдіктілердің бірі белінен тапаншасын алып шықты, ал тәртіп сақшысы жасөспірімге көп рет атып үлгерді. Баланың тапаншасы дәл біздің офицерлер қолданып жүрген қаруға ұқсас. Тек қолшамның орнында лазерлі жарық болған және бұл шынайы қару емес, - дейді Колумбус қаласының полиция бастығы Ким Джейкобс. 

Жаралы жасөспірім ауруханаға жеткенде көз жұмған. Полиция қызметкерлері бірнеше сағат бойы баланың аты-жөні мен түстік белгісін жасырған.

-                Бұл елде жағымсыз жағдайлар орын алуда және жұқпалы дертін біздің қаламызға, көшелерге алып келуде. Бұл 13 жасар бала Колумбус қаласында қару мен зорлыққа араласқанымыздан қаза тапты, - деді қала мэрі Андрей Гинтер.

Американдық БАҚ мәліметтеріне сенсек полиция қызметкерлері күніне бір афроамерикандықты өлтіретін көрінеді. Осыған байланысты жалпы халықтық қарсылықтар орын алып отырады.

Следующая →