Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Төрт жасар баланы шымкенттік балабақшада қылқындырған

Балаларды қараусыз қалдырған балабақша тәрбиесінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Происшествия в Казахстане и мире / Криминальные новости / Ребенка душили леской в шымкентском детсаду
Фото:
tvk-uko.kz

Баланың анасы бұл жағдайдың 7 қыркүйек күні Шымкенттегі №14 "Сұңқар" балабақшасында орын алғанын жеткізді. Сөзіне дәлел ретінде ол түсіріп алған суреттерін көрсетті.

Шарасыз әйелдің айтуынша, әлі екі күн де жұмыс жасап үлгермеген тәрбиеші балаларды аулада қараусыз қалдырған. Ол қайтып келгенде, Марк жерде жатқан. Болжам бойынша, ол ес-түссіз жатқан.

Баланың есінде басқа балалардың жіпті қатты тартқаны ғана қалыпты. Ал Алина болса, баласының өліп кетуі мүмкін екенін айтып, қынжылып отыр. Ол баланың қауіпсіздігіне жауап беретін адамдар бұл іске қатысты жауапкершілікке тартылғанын талап етіп отыр.

Зардап шеккен баланың ата-анасы жедел жәрдем мен полиция шақырған. Бірақ олар полиция қызметкерлері тарапынан қолдау көрмегенін айтып отыр.

Дегенмен, ақпарат құралының тілшісі тәрбиешіге қатысты  ҚР ҚК 141-бабы "Өз міндеттерін тиістінше орындамау" бойынша қылмыстық іс ақыр соңында қозғалғанын анықтады. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.



Следующая →