Өскемен
облачно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +7°
  • Астана
    -13°
  • Ақтөбе
    -6°
  • Актау
    +5°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -2°
  • Көкшетау
    -16°
  • Қостанай
    -11°
  • Қызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -14°
  • Петропавловск
    -16°
  • Тараз
    +10°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +9°
$
511.22
-1.78
540.05
-1.11
¥
70.61
-0.14
4.73
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

Банк пен құрбысын «лақтырып» кетпек болған әйел Ресейден Риддерге экстрадицияланды

«Қолын кірлеткісі келмеген» әйел өзінің қыржылық қиындықтарын құрбысының атымен шешпек болған және оның атына 3 млн теңгеге несие алған

Происшествия в Казахстане и мире / Криминальные новости / Из России в Риддер экстрадировали женщину, которая пыталась «кинуть» и банк и подругу
Фото:
tverweek.com
Құрбысын өз атына кредит алуға көндірген әйел кепіл беруші болып, қарызын қайтару кепілдігіне өзінің 4 бөлмелі пәтерін салған. Кредит төлемдері дұрыс орындалып келген. Біраз уақыттан кейін ол төлем жүргізуді тоқтатады. банк осыдан кеиін ақшаны ресми кепілшіден  талап ете бастайды.
Ал құрбысына өз атынан несие алып берген әйел несиені денсаулық жағдайына байланысты жұмыс істемейтінін, қаржыны төлей алмайтынан және ақшаны өзіне алмағанын банкке дәлелдеп берген.
Банк қызметкерлері қарызын өтеушіні іздеп көрген, ол ізін суытып үлегерген екен. Телефонға жауап бермеген және тұрғылықты жерінде болмаған. Бұл әрекеттерден зұлым ниет пен алаяқтықты көрген банктің клиент мәселелерімен жұмыс істеу бөлімі арнайы органдарға өте ірі көлемде өзгенің мүлкін ұрлады деген арыз береді. Алаяққа халықаралық іздестіру жарияланып, жеті айдан кейін табылған. Ол Ресей Федерациясынан табылып, Қазақстанға экрадицияланды. Қазіргі уақытта банкте 3 млн 600 мың теңге көлемінде қарыз жиналып қалған.
Сотта, ұсталған әйел пәтерінен айрылып қалудан қорқып, кредиторлар мен танысынан жасырынып қалуды жөн көргенін, өзі жоқ болса пәтерді банк сата алмайды деп ойлағанын айтқан. Бостандығын пәтерге айырбастау әлдеқайда ұтымды көрінген болар. Сот пен тергеу жұмыстары ары қарай тағдырын шешетін болады.
Следующая →