Қазақстанның арнайы қызметі экстремистік ұйымдардын үш мүшесін ұстағандығын хабарлайды
- Құқық қорғау органдарына шабуал жасап, халық ең көп шоғырланған жерде лаңкестік акті ұйымдастырмақ болған радикалдардың жолы кесілді, - дейді сәрсенбі күні жарияланған хабарламада.
- Топ мүшелерінің тұрғылықты жерін тінту барысында оқ ататын қару мен оның оқ-дәрілері, тротил, жасанды жарылғыш зат, пышақтар, экстремистік мәні бар жазбалар мен аудиоқұжаттар, халықаралық лаңкестік ұйымдардың анықтамалары табылған. Сонымен қатар топты қаржыландыру үшін жалған ақша таңбалары, компьютерлік және көбейткіш техникалары, арнайы қағаздар табылған, - дейді баспасөз-бетінде.
Баспасөз-бетінде ұйым мүшелерін анықтап, құрықтау операциясы 12-нен 30 тамыз аралығында жалғасқаны айтылады.
Сот санкциясынан Батыс Қазақстаннан 10 адам, Ақтөбе облысынан 11 адам ұсталған.
Жоғарыда аталған ұйымдарға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 174 бабы (Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, сословиелік және діни қайшылық тудыру), 256 бабы (Лаңкестікті насихаттау және жұртты лаңкестік актілер ұйымдастыруға шақыру), 257 бабы(Лаңкестік ұйым құрып, жетекшілік етіп және оның қызметіне қатысу), 231 бабы (жасанды ақша мен құнды қағаздар дайындау, сақтау, көшіру немесе өткізу), 287 бабы (Қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар мен құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, көшіру), 288 бабы (Заңсыз қару дайындау) бойынша соталды тергеу жұмыстары басталды. Тергеу шаралары жалғасуда.