Хакерлер SWIFT жүйесіне қайтадан шабуыл жасады
Халықаралық SWIFT банк есептері жүйесінің жетекшілері банк жүйесінің клиенттеріне жасалған хакерлердің жаңа шабуылы туралы хабарлады
SWIFT өкілдері клиенттеріне жолдаған жеке хаттарында, ағымдағы жылдың маусым айынан хакерлер банк қаражаттарын ұрламақ болғанын және кейбір әрекеттері оңтайлы болғанын айтып хабарлаған. Жүйенің бұзылып, жиі қауіп үстінде тұратыны туралы айтылған. Десек те ұрланған қаражат сомасы мен құрбандардың аты-жөндері аталмаған.
Хакерлер қорғаныс жүйесінің осал жерін пайдаланып кеткен болуы керек және соның арқасында қаржы трансферлеріне алаяқтық сұраудар салады, дейді хаттамада. SWIFT сонымен қатар Бангладештің орталық банкінен ұрланған үлкен сомадан соң банктерге қорғанысты күшейту керектігі туралы бірнеше рет айтқан.