Түркияда тойдағы жарылысты жанкешті-терорист жасаған
Түркияның Газиантеп қаласында тойдың үстінде жанкешті әйел адам жарылыс жасаған. Бұл туралы елдің вице-премьері Мехмет Шимшек NTV телеарнасының эфирінде мәлімдеді
Фото:
news-front.info
Соңғы ақпараттарға сай 22 адам көз жұмған, 94-і зардап шекті. Бұған дейін 8 адам көз жұмып, 60 адам жараланды деп хабарланған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, террорлық акт 21 тамызға қараған түні неке сарайында орын алған. Әзірге ешқандай террорлық топ жарылысты өз мойнына алған жоқ. Алайда түрік депутаттарының бірі бұған ИЛИМ тобының қатысы бар екендігін мәлімдеді.