Нәрестесін көміп кеткен әйел тергеуде
Қапшағайда нәрестесін топыраққа көміп кеткен көкек ана табылды
Фото:
cpv.ru
Ол сол қаланың кәмелетке толмаған тұрғыны болып шықты. Қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды «КТК телеарнасының сайты».
Жедел із кесу шараларының нәтижесінде безбүйрек ананың қазір Алматыдағы ауруханалардың бірінде жатқаны анықталған. Ол сәбиін өз пәтерінде босанып, артынша өлтіріп, маңайдағы мектеп стадионында құмға көміп кеткенін мойындап отыр. Айта кетейік, Қапшағайдағы жантүршігерлік жағдай осыдан бір апта бұрын болған еді. Гимназияның стадионында жаңа туған сәбидің мәйітін топыраққа көмулі жатқан жерінен сол маңайда ойнап жүрген балалар тауып алған.
Следующая →