АҚШ-тағы 20 қонақүйде он мыңдаған төлем карталарындағы ақпарат жайылып кеткен
HEI Hotels & Resorts жүйесінің 20 американдық қонақүйінде он мыңдаған төлем карталарындағы ақпарат жайылып кеткен, деп хабарлайды Reuters
Хакерлер АҚШ-тағы 20 шақты қонақүйдің төлем қызметі жүйесін бұзған. Олардың арасында HEI Hotels & Resorts компаниясының қарамағындағы Starwood, Marriott, Hyatt и Intercontinental жүйелері бар.
БАҚ мәліметтері бойынша, зиянды бағдарлама шілде айында мейрамхана, бар, спа, дүкендедегі төлем жүйелерінен анықталған. Ол 2015 жылдың наурызынан бастап жұмыс істеп келген.
Тергеумен айналысып жатқан сарапшылардың пайымдауынша, хакерлер азаматтардың жеке мәліметтерін, банктердегі есепшоттарының нөмірін, карталардың пайдалану мерзімін ұрлап алуы мүмкін.