Ақысын төлесе, жұмысқа орналастыруға уәде берген алаяқ ұсталды
Жас жігіт жалақысы жоғары жұмысқа орналасуға көмектесемін деп клиенттерінің атына банктен несие рәсімдеп, артынша із-түссіз кеткен
ШҚО ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше Остап Бендер өзінің 19 жасар танысының атына 100 мың теңгеге несіие рәсімдеген. Ал 28 жасар досының атынан несиеге 150 мың теңге алған. Алданған азаматтар таныстары уәде еткен жұмысты айлар бойы күткен. Ал алданғандарын білген уақытта полицияға шағым жазған.
Ертіс полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. Ол бұрын істі болған 24 жасар Өскемен тұрғыны екен. Қазір ол қылмыстық жауапқа тартылды.