Жуырда Өскемендік полицейлер 8 келі есірткіні тәркіледі
Саяжай аймағында жүргізілген рейд нәтижесінде тұрғындардың бірінен есірткі сақталған 100 полимерлі пакет анықталды
Фото:
amdn.news
Есірткіні сақтаған 43 жасар өскемендік 7 келі марихуананы пакеттерге бөліп, саудаға әзірледі.
Тағы бір өскемендік азамат 1 келі есірткіні заңсыз сақтап, саудаламақ болғаны үшін тұтқындалды. Бірінші жағдайдағыдай барлық есірткілер бөлініп, саудаға әзірленген. 29 жасар ер адамнан 26 полимерлі пакет тәркіленді.
Есірткі саудагерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тұтқындар уақытша қамау изоляторына қамауға алынды.
Тақырыптар:
Полиция Усть-Каменогорска