Әйнек шаққан бұзақылар ұсталды
ШҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, тұрғындардың бұзақылығынан облыс орталығындағы пәтерлер мен үйлердің подъездеріне зақым келген
27 шілде күні «102» желісіне ер адам қоңырау шалған.
- Ол Космический көшесі бойында орналасқан үйдің подъезінде төбелес болып жатқанын, әйнек сылдырының даусы шыққанын айтып, хабарласқан, - деп хабарлайды ШҚО ІІД баспасөз қызметі. – Содан кейін полиция бөлімшесіне ішімдік ішкен 27 жасар бойжеткен жеткізілген. Ол өз жігітімен жанжалдасып қалып, әйнекті шаққан.
Келесі күні түнде екі ер адам өз үйінің балконында тұрған ер адамға тас лақтырған. Алайда, қалт кетіп, тас терезеге тиген.
Зардап шеккен азамат құқық қорғау органдарына хабарласқан. Ал бұзақылар айыппұл және пәтер иесіне материалдық залал үшін 20 мың теңге төлейтін болады.