Сириядағы содырлармен бірге түнеген заңгер сотталуы мүмкін
Ақтөбеде содырларға пәтер жалдап, олармен бірге түнеген жігіт 6 жылға сотталуы мүмкін
Ақтөбеде содырларды жасырған тұрғын қамауға алынды, деп хабарлайцды «КТК телеарнасының сайты». 22 жастағы Мирлан Ердәуов үш лаңкестің қалада ойран салып, қарулы қақтығысқа қатысы барын білген. Солай бола тұра өз құжатымен пәтер жалдап беріп, қылмыскерлермен бірге түнеп шығыпты.
5-ші маусым күнгі лаңкестік оқиғаны ұйымдастырушы Дмитрий Таңатаров екі сыбайласымен дәл осы үйде жасырынған еді. Олар әскери бөлімше мен қару сататын дүкенге шабуыл жасаған соң, бір апта бойы қашып жүрді. Ақыры тәртіп сақшылары ізіне түскенде өліспей беріспеуге бекініп, көздері жойылды. Тергеу кезінде белгілі болғандай, оларға пәтер жалдауға Мирлан Ердәуов жәрдем берген. Енді сол қылмысы үшін 6 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Анар Айтжанова, Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы:
-Ауыр немесе аса ауыр қылмысты күні бұрын уәделесіп, жасырып қалғаны үшін қылмыстық жауапақа тарту көзделген. Ақтөбе қаласы №2 сотының Ердәуовқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтініш қанағаттандырылып, екі ай мерзімге санкция берілді.