Облыста жарты жылда жеті қару қолды болған
Аймақтың полиция қызметкерлері заңсыз қарудың барлығын қолданыстан шығарып, заңды жолмен алынған қару-жарақтардың сақталу шарттарына тексеріс жүргізетін болады
Фото:
gazeta.ru
ШҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасы 25 мен 31 шілде аралығында қарулы қылмыстардың алдын алу үшін «Қару» операциясын өткізетін болады.
Жарты жылдың ішінде облыста 7 азаматтық қару ұрланған. Көп жағдайда қару үй иесі жоқ кезде ұрланатын көрінеді. Сондықтан құқық қорғау қызметкерлері қаладан тыс кеткенде қаруды тұрғылықты орныңыздағы ішкі істер органдарына өткізуді ұсынады. Сонымен қатар, халықтың заңсыз сақталған қаруды қылмыстық жауапқа тартылмай, тіпті ақшалай сыйақыға тапсыру мүмкіндігі бар.
- 4 айда жалпы сомасы 18 миллион теңгенің 408 қаруы тапсырылды. Қазір қару тапсырғандарға ешқандай зиян болмайды, - деді ШҚО ІІД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, атыс қарулары ғана емес, травматикалық қарулар да тексерілетін болады.
Следующая →