Алматыда ҰҚК департаментіне шабуыл жасалғандықтан Алматы қаласында терроризмнің «қызыл» деңгейі жарияланды
Еліміздегі антитеррористік орталық Алматы қаласының аумағындағы террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейін растады
- Бұл деңгейді енгізуге Алматы қаласының аудандық ішкі істер бөліміне және ҰҚК департаментіне белгісіз адамдардың жасаған шабуылы себеп болып отыр, - делінген Антитеррорлық орталықтың дүйсенбі күні таратылған баспасөз хабарламасында.
Мұндай шешім ҚР Президентінің «Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы» жарлығына сәйкес Ұлттық қауіпсіздік департаментінің төрағасымен қабылданды.