Ресейлік азамат «Русская рулетка» ойынында жеңілгеннен кейін, аман қалған
Ер адам ішімдік ішкен досымен бірге «русская рулетканы» ойнаған. Өмірге қауіпті ойыннан азаматтың денсаулығына зиян келген. Бас жарақатын алған оны ауруханаға алып кеткен. Ал досына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Мәскеу тұрғыны оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қауіпті ойын ойнау екеуінің ойына ішімдік ішкеннен кейін келген, - деп хабарлайды «Интерфакс» астаналық полиция бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кикілжің сәрсенбіге қараған түні Студенческая көшесіндегі пәтерлердің бірінде орын алған. Қонақ үй иесі қауіпті ойынның екінші раундында ұтылып қалғандықтан, травматикалық мылтықтан оқ атқан.
Атқаннан кейін, ер азамат полицияға адам өлтірілгендігі жайында хабар берген. Бірақ оқиға орнына жеткен құқық қорғаушылар жарақат алған азаматтың әлі тірі екендігін байқайды. Артынша, оны мас күйінде ауруханаға жеткізеді.
Ал атқан азаматқа қатысты «адам денсаулығына қасақана зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. (ҚР ҚК 111-бабы)