Қалалық мемлекеттік табыстар басқармасының қызметкеріне пара алғандығы үшін айыппұл салды
Екі жарым миллион теңгені қалалық жеке тұлғалармен жұмыс жөніндегі бөлімнің кәсіпкерге қамқорлық жұмыстарының бұрынғы бас маманы теңге төлейтін болады
Өткен жылдың шілде айында 26 жасар Өскемен қаласының тұрғыны қалалық мемлекеттік табыстар басқармасына қызметке орналасады. Жаңа қызметке енді ғана кірген ол қызметін пайдаланып, адал емес жолмен пайда таппақ болған. Оның қолына кәсібін енді ғана бастаған және салық төлеу жөнінде білімі аз кәсіпкер түскен. Оған түсініктеме берудің орнына, бас маман оны өз қарамағына алатындығы жайында айтады. Ал сол үшін кәсіпкер ай сайын жас маманға 80 мың теңгеден беріп отыруы керек екен.
Салық заңнамасын жақсы білмейтін ер азамат, бас тартса, өз фирмасына проблема тауып беремін деп қорқып, бас маманның айтқан ұсынысына келісім береді. Бірақ көлемі 20 мың теңгелік бірінші парадан кейін, мемлекеттік қызметкердің аш көздігінің жойылмайтындығын сезіп, парақорлыққа қарсы қызметке арызданған. Ағымдағы жылдың наурыз айында, парақорды кезекті пара алған уақытында ұстаған.
Өскемен қалалық №2 сотында парақор өз кінәсін толықтай мойындады. Бұрынғы бас маманға параның алты еселенген сомасы көлемінде, яғни, 2 миллион төрт жүз мың теңге айыппұл салынды және мүлкі тәркілеуге алынды. Сондай-ақ сот шешіміне сәйкес, парақор маман енді мемлекеттік қызметте өмір бойы жұмыс істей алмайды.