Көріпкелдің пәтерінен бір миллион теңгенің зергерлік бұйымдарын ұрлады
Питерских Коммунаров көшесіндегі көп қабатты үйдегі пәтерді күндіз тонап кетті. Ұрылар әлі ұсталған жоқ
Ірі көлемдегі ұрлық өткен бейсенбіде Пристань ауданындағы Питерских Коммунаров көшесінде орын алды. Тапатал түсте ұрылар бес қабатты үйдің подъезіне кіріп, бесінші қабатқа көтерілген. Кіретін есіктің құлпын сындырып, пәтерге кірген. Ол пәтерде полицейлердің мәліметінше, Өскеменге танымал көріпкел тұрады екен. Сол сәтте ол үйде болмаған. Қылмыскерлер пәтердегі дүниелердің құнын білгенге ұқсайды. Ұрылар бір миллион екі жүз мың теңгенің әшекейлерін алып кеткен.
- Қазіргі уақытта қылмыскерлерді іздеуге қатысты тексеріс шаралары жүргізіліп жатыр. Ұрлық мәселесі бойынша, қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев. Бұл іске қанша ұрының қатысының бар екендігін полицейлер айтқан жоқ. Бірақ белгілі болғаны – домофон есігін көршілерінің ашқандығы. Сондай-ақ ұрланған заттардың бағалы әшекейлер болғандығынан қылмыскерлердің оларды ломбардтарға өткізер кезде көзге түсіп қалулары да мүмкін.