ИМ Орландодағы терактты өз мойнына алды
Террористік ұйымның содырлары Орландода болған атысқа өздерінің қатыстары бар екендіктерін жеткізді.
«Нәтижесінде жүзден астам адам қаза тапқан немесе жараланған, қызтелердің түнгі клубында болған атысты ИМ содырлары ұйымдастырған», - деп хабарлады хабарлама агенттігі.
Pulse гей-клубындағы атыстың салдарынан 50 орландолық азамат қаза тауып, 53 адам жарақаттанған. Ал атысты ұйымдастырған Омар Матинді полиция шабуыл уақытында атып өлтірген.
АҚШ президенті Барак Обамаға және барша американдықтарға көңіл айтып, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин хат жолдады.