Ертістің жағасынжа іс-түссіз кеткен полицейдің денесі табылды
2 маусым күні жоғалып кеткен учаскелік полицейдің денесі Павлодар облысында табылды, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі
«Полиция қызметкерінің денесі өзге полицейлермен және су құтқару қызметінің маманларымен ауылдан 30 шақырым жерде орналасқан Ертіс жағасынан табылды. Алғашқы нұсқа бойынша полиция қызметкері суға батып кеткен. Соңғы нәтиже медициналық сараптама барысында шығарылады, - деді баспасөз қызметінде.
2 маусым күні айтылған ақпаратқа сәйкес 35 жасар полицияның учаскелік инспекторы жергілікті тұрғындармен Ертіс өзенінің жағасын заңсыз балық аулауды анықтау мақсатында аралауға шықты. Ер адамдар сол қалпы оралмаған, ал су жағасынан төңкерілген қайық табылды.
8 маусым күні 43 жасар тұрғын Ертіс өзенінің төмен жағында табылды.