Филиппин президентінің басын 430 долларға бағалаған
Осындай сыйақыны наркобарондар Елбасына жауап ретінде айтқан. Себебі президент есірткі сатушыларды тапқандарға қомақты қаржының төленетіндігін жеткізген
Фото:
politicoscope.com
Филиппинде есірткі саудасымен айналысатындар республика президенті Родриго Роа Дутертенің басы үшін 430 мың доллар төленеді деген. Daily Mail хабарынша, бұл ел басының сөздеріне жауап болған. Себебі ол жақында есірткі саудасымен айналысатын мафияның мүшелерін алдына алып келген адамға қомақты қаржы беретіндігін айтқан болатын.
Ел билігіне жаңа отырған президент жергілікті "саудагерлерге" қарсы соғыс та ашқан еді. Сол кезде өлтірілген наркобарон үшін 108 мың доллар, тірі әкелінгендер үшін 100 мың доллар беремін деп уәде еткен. Президенттің артынан Филиппиннің көптеген қалаларының басшылары да қылмыскерлерді құрықтағандарға сыйақы беретіндіктерін айтқан.
Следующая →