Ақтөбеде 13 террористтің көзі жойылып, 8-і іздеуде – ІІМ
Ақтөбедегі террорлық актіге қарсы шаралар аясында барлығы 13 қылмыскердің көзі жойылып, сегізіне іздеу салынды, - деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз хатшысы Алмас Садубаев
Фото:
kapital.kz
- Бүгінгі таңда қарулы қақтығыста шабуыл жасаған 13 қылмыскер өлтіріліп, 4-еуі жараланды, 7-еуі іздестірілуде, - деді Алмас Садубаев.
Бұған дейін 12 лаңкестің көзі жойылып, 9-ы тұтқындалғаны мәлімденген болатын.
Сонымен қатар, Алмас Садубаев Ақтөбедегі бұл түн тыныш өткендігін, кәсіпорындар мен қоғамдық көліктер қалыпты жұмыс істеп тұрғандығын да айтты.
- Ақтөбе қаласында, жалпы республикадағы жағдай бірқалыпты, барлығы бақылауда. Елдің ішкі істер қызметтерінің барлығы күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуін жалғастыруда, - деді ол.
Өткен жексенбіде хабарланғандай, Ақтөбеде діни радикалды топ екі қару-жарақ дүкеніне, әскери бөлімшеге шабуыл жасаған болатын. Нәтижесінде алты адам көз жұмып, 38-і жараланды. Олардың көбі әскери қызметкерлер.
Бұл шабуыл террорлық акт деп танылып, Ақтөбеде террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі жарияланды. Ал бүкіл Қазақстанда 40 тәулікке қауіптіліктің «сары» деңгейі белгіленді.
Следующая →