Өскемендік тәртіп сақшылар 15 млн теңгелік пәтер қылмысын ашты
Криминалистер қысқа уақыт ішінде күдіктілерді анықтап, олардың жеке басын анықтады
Үлкен тонау 25 мамырда орын алған. Зиянқорлар кірер есіктің құлпын сындырып, пәтерге кіріп, ақшаны алып кетеді.
ШҚО ІІД баспасөз қызметінде баяндағандай, атаған қылмыстың бетін ашу үшін криминалды полицияның ең мықты дайындалған қызметкерлерінен арнайы топ құрылған.
Жедел іздестіру жұмыстары барысында Өскемен қаласының ІІБ криминалистері күдіктілерді анықтайды. Үшінші тәулікте пәтер ұрлығына қатысы болуы мүмкін азаматтарды ұстады. Ұсталғандар ШҚО Глубокое ауданының үш тұрғыны болып шығады. Ағайынды 32 мен 28 жастағы азаматтар мен олардың 35 жасар көршісі. Олардың екеуі бұрындары ұрлық үшін істі болғандар. Қазір үшеуі де уақытша қамау абақтысында отыр.
Тексеріс барысында, үшеуі уақытша тұрған пәтерден, жоғалған ақшаның жартысы табылған.
Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабымен (тонау) сотқа дейінгі тексеріс амалдары жүргізілуде.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері ұсталған азаматтардың басқа да беті ашылмаған істерге қатыстарының бар жоғын анықтау үстінде.