Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Бүлдіршінді өлтірген қаскөй әлі бостандықта жүр

Жамбыл облысында екінші сынып оқушысын зорлап өлтіріп, артынан талға асып кеткен азғын әлі күнге бостандықта жүр

Происшествия в Казахстане и мире / Криминальные новости / Беспрецедентный приговор: отчима осудили за унижение приемных детей
Фото:
tsn.ua
Тіпті күдікті деп танылған 38 жастағы азаматқа қатысты тергеудің өзі тоқтатылған, деп хабарлайды "КТК телеарнасының сайты". 
Марқұм Ерасылдың жақындары бұған наразы. Ал оған қол жұмсады деп айыпталған өгей әкесі 6 жылға сотталды.
Қайғылы жағдайдан соң он күннен кейін өгей ұлы мен қызына қол жұмсады деген күдікпен Берік Байтақов қамауға алынған болатын. Дегенмен ол тағылған айыпты мойындаған жоқ. Алайда оның уәжіне судья илана қоймады. Сөйтіп, 36 жастағы азаматқа алты жыл жаза кесті.     

Ғазиз Аманбаев, судья:

-Сұлтанқұлованың бірінші некедегі балаларына, бірге тұрған кезде сегіз мәрте қинау әрекеттерін жасаған. Сол үшін сотталушы Байтақовты кінәлі деп тапты.

Сотталған жігіттің жақындары үкім тым қатал деп есептейді. Айтуынша, айыптаушылар ешқандай дәлел келтіре алмаған. Беріктің әйелі мен өгей қызының сөзіне сүйене отырып, осындай шешім шығуы ақылға қонымсыз дейді. Өлген баланың жақындары да негізгі қылмыскердің табылмай жатқанына налиды.       

Гүлбақ Шынәсілова, Ерасылдың нағашы әжесі:

-Беріктің сотталған сотталмиағаны маған керегі жоқ,маған өлтірген адамды тауып берсін, болды маған. Өлтірген адам  жатыр үйінде.

Еске салсақ, сұмдық оқиға 20 қаңтар күні Каменка ауылында болған. Зорланып, азаппен өлтіріген 7 жастағы баланың өлі денесі талға асылып тұрған жерінен табылды. Сол кезде шешесі күйеуінің ақыл-есі кем, туған ағасы Серік Байтақовтан күдіктеніп, арыз жазған еді. 

Гүлира Сұлтанқұлова, Ерасылдың анасы:

-Сол кісі тек мойындамай жатыр, дәлел жоқ дейді. Сосын Астанадан шақырттық, сол жақтан тергеушілер келіп жұмыс істеп жатыр. Мен баламды өлтіргенді міндетті түрде табамын, түбіне жетемін, соңына дейін апарамын.

Серік пен Берікке, тіпті олардың әкесіне де Ерасылмен жыныстық қатынасқа түскен-түспегендігін анықтау үшін сот-биолигиялық сараптама тағайындалған. Алайда әлі күнге оның қорытындысы айтылған жоқ. Ал ұлдарын қорғаштаған Зәуре Байтақова бүгін айды аспанға бір-ақ шығарды. Бұған дейін қылмысқа ауыл маңындағы қаңғыбастарды кінәлаған ол енді келіні Гүлмира Сұлтанқұлованы, яғни Ерасылдың анасын айыптап отыр.    

Зәуре Байтақова, Каменка ауылының тұрғыны:

-Бұл өзі баланы өлтіріп ұрады, балаға өте мейірімсіз еді. Ешқандай қадағалау болмайтын. Сол себептен қазір ол өзінің қылмыс әрекеттерін, жабу үшін менің екі балама жала жауып отыр. Бірақ бұл істің ақ-қарасы әлі ашылады.

Зейнеткердің айтуынша, Серік Байтақовтың кінәсіз екені расталып, оған қатысты тергеу тоқтаған. Бұл деректің рас-өтірігін жергілікті полицейлерден білу мүмкін болмады. Белгілісі, жәбірленуші тараптың арызынан соң, дау тудырған істі Ішкі істер министірлігі бақылауына алған.  
Следующая →